Ауылда жұмыс істейтін архив мамандарына 25% үстемақы төлеу ұсынылды

0
468

Бұл мәселенің шешімін заңнамалық тұрғыдан реттеу ұсынылып отыр.


Ауылда жұмыс істейтін архив мамандарына 25% үстемақы төлеу ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі ауылда қызмет ететін архив мамандарына жаалқысының 25% мөлшерінде үстемеақы төлеуді ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысының 25% мөлшерінде үстемеақы алмайды. Бұл өз кезегінде аудандық мемлекеттік архив қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленісті туғызады», - делілген реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

Бұл мәселенің шешімін заңнамалық тұрғыдан реттеу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, ведомство ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер санатына архившілерді енгізу бастамасын көтеріп отыр.

Қоса кетсек, бұған дейін архивке тапсырылуы тиіс құжаттарды жиі жоғалтатын төрт министрлік туралы жазып едік.

Сонымен қатар минстрлік 13 облыстың архиві толған, тиісінге құжат сақтайтын орын жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған қоса елімізде архив құжаттарының 98 пайызы өрттен қорғалмаған ғимараттарда сақтаулы тұр.