Ауылшаруашылық өнімін терең өңдейтін кәсіпорындарға субсидия беру тәртібі өзгереді

0
476

Құжатты ашық талқылау 27 қаңтарға дейін жалғасады.


Ауылшаруашылық өнімін терең өңдейтін кәсіпорындарға субсидия беру тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдейтін кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі ашық талқыға шығарған бұйрығында көрсетілген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы немесе қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді», - делінген жаңа редакцияда.

Тоқтала кетсек, қолданыстағы тәртіпте кәсіпкерлер берген өтініш бойынша субсидия сомасын жергілікті бюджеттен өтеу мүмкін болмаса, онда маслихат шешімімен өңірлік бюджеттен қосымша қаражат бөлінетін. Ал енгізілгелі отырған өзгеріске сәйкес, қаражат жетіспесе, жауапты орган субсидияны фермерлерге бөліп төлемек.

Құжатты ашық талқылау 27 қаңтарға дейін жалғасады.