Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші "алтын" түсті

0
1 225

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшының алтын ұтып алған сәтін жариялады.


Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына төртінші

ERNUR.KZ. Қазақстандық зілтемірші Никита Әбдірахманов жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшының алтын ұтып алған сәтін жариялады. 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әбдірахманов жұлқи көтеру сайысында 157 келіні еңсерсе, серіппе көтеруден 191 келімен оқ бойы озық шықты. Осылайша, екі сайыстың нәтижесі бойынша 348 келі жинап, алтыннан алқа тақты.
Осы жарыста Өзбекстан спортшысы Кудратбек Салимжонов 327 келімен (156+171) екінші орынға ие болса, түрік зілтеміршісі Баки Кетмет 259 (132+163) келімен қола медальді қанағат тұтты.
Айта кетері, Қазақстан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпинатында осымен төртінші алтын медальді алып отыр. Бұған дейін Денис Полубояринов (81 келі), Едіге Емберді (73 келі) мен Ерасыл Саулебеков (67 келі) үздіктердің қатарынан көрінді. Бұдан бөлек, жас зілтеміршілеріміз бір күміс және екі қола ұтып алды.