Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды (видео)

0
799

6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деген айып тағылды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Биыл 17 желтоқсанына аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қаласы ІІД УҰИ-ына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.