Ауызашарға барам деп басы дауға қалған Ақтөбенің белді ханымдарына айыппұл салынды

0
647

Ұжымдық ауызашар өткізген және оған қатысқан 15 әйелге осындай жаза қолданылды.


Ауызашарға барам деп басы дауға қалған Ақтөбенің белді ханымдарына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Ауызашарға барып бастары дауға қалған Ақтөбенің беделді ханымдарының әрқайсысы 43 755 теңге айыппұл төлейді, деп жазады Stan.kz.

Ұжымдық ауызашар өткізген және оған қатысқан 15 әйелге осындай жаза қолданылды. Карантиндік шектеу шараларын елемеген қалалық мәслихат хатшысы облыстық мәслихат депутатымен дастархан басында Ақтөбенің кәсіпкер, зиялы әйелдері де бірге отырған еді.

Ауызашарға қатысқан Сұлупан Шынтасова Ақтөбе облысының бас санитария дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевпен бірге Instagram-да сөз сөйлеп, коронавирустың таралу қарқыны бойынша облыс "қызыл" аймаққа кіргенін және шектеу шараларын сақтау маңызды екенін айтқан еді.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова мен қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы, қазіргі жергілікті кәсіпкерлер палатасының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Сұлупан Шынтасова және бір топ әйелдің ауызашар өткізіп, үстел басында отырған сәті түсірілген видео тарады.