Автобизнес одағы: Утилизациялық алым сомасы 100 мың теңгеден аспауы керек

0
786

Қазақстанда утилизациялық алым сомасы Еуропа елдеріндегі төлеммен теңестірілуі керек.


Автобизнес одағы: Утилизациялық алым сомасы 100 мың теңгеден аспауы керек

ERNUR.KZ. Еліміздегі Тәуелсіз атвобизнес одағы мүшелерінің пікірі осыған саяды, деп жазады 24.kz.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 еуроны құрайды. Яғни Қазақстанда да утилизациялық алым сомасы 100 мыңнан аспауы тиіс. Ал қазір көлік иелері қызметтің бұл түрі үшін шамамен 600 мың теңгеден бірнеше миллионға дейін жетуі мүмкін дейді. Жақында көлік жүргізушілерінен жиналған утилизациялық алым сомасы 600 миллиард теңгеден асып кеткені белгілі болды.

"Мемлекет басшысы біздің көп жылдан бері айтып келе жатқан ұсыныстарымызды атап өтті. Енді тек аталған өзгерістерді жүзеге асыру мәселесі ғана қалды. Біз бұл жұмысқа қазірден ақ кірісуге дайынбыз. Елдекөліктерді утильдеумен айналысатын көптеген кжеке компания бар. Олар бұл жұмысты 100 мың теңге төңірегінде атқара алады. Сондықтан бұл кәсіпорындарға бәсекелестік негізінде қызмет көрсетуге мүмкіндік беру керек", - дейді ҚР Тәуелсіз автобизнес одағы басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.