"Автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалды" деген ақпаратты Алматы полициясы түсіндірді

0
500

Полиция осы ақпарата қатысты түсініктеме берді.


ERNUR.KZ. Бұған дейін Қазнетте автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болған, деп жазады zakon.kz.

Полиция осы ақпарата қатысты түсініктеме берді.

"Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді".Алматы полициясы

Полиция қоғамдық көлік жүргізушісі К есімді азаматшадан жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынғанын қоса кетті.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп түйіндеді полиция.