Автокөлікті онлайн сатып алатын қазақстандықтар саны артты

0
372

Енді тест-драйвқа жазылу және Hyundai автокөліктерін онлайн сатып алу мүмкіндігі бар.


Автокөлікті онлайн сатып алатын қазақстандықтар саны артты

ERNUR.KZ. Алматыда жаңа Hyundai автокөліктерін небәрі 10 минут ішінде сатып алып тіркеуге болады. Мемлекеттік нөмірі мен құжаттарын сатып алушының үйіне дейін жеткізіп береді, деп жазады tengrinews.kz.

Mycar.kz Hyundai-дың Қазақстандағы ресми онлайн-дилері атанды. Енді тест-драйвқа жазылу және Hyundai автокөліктерін онлайн сатып алу мүмкіндігі бар.

"Қазақстанның Автокөлік Одағы" (ҚАО) хабарлағандай, 10 айдың қорытындысы бойынша Hyundai бренді жаңа көліктер сатылымында көш бастап тұр – бұл елде осы уақыт ішінде сатылған 156 288 автокөліктің 38 433 бірлігін құрайды. Маркетингтік зерттеулер көрсеткендей, клиент автокөлік сатып алмас бұрын автоорталыққа кемінде 3-5 рет барады. Сатып алу туралы шешім қабылдауына көліктің техникалық сипаттамасы, бағасы, несие және бөліп төлеу мүмкіндіктерінің қарастырылуы тікелей әсер етеді.

Автокөлікті онлайн таңдап сатып алу қызметі әлемде танымалдыққа ие болуда. Клиенттерге көлік түрлерін таңдау мен техникалық сипаттамаларын қарау үшін ыңғайлы болған ұнайды, сондай-ақ несиелеу және сақтандыру бойынша ағымдағы акциялар мен ұсыныстар туралы біліп, тест-драйвқа жазыла алады. Hyundai Қазақстанда Mycar.kz-ті онлайн-дилер ретінде таңдап отыр, себебі бұл компанияның инфрақұрылымы дамыған және IT саласы бойынша мүмкіндіктері көш ілгері. Қазіргі таңда онлайн қызметі Алматы қаласында қолжетімді, уақыт өте келе өзге қалаларда да қосатын боламыз. Біздің клиенттер бұл қызметтің жылдамдығын, ашықтығын және ыңғайлылығын жақсы бағалайды деп үміттенеміз, - дейді Қазақстандағы "Астана Моторс" құрамындағы Hyundai дистрибуциясының директоры Марат Смағұлов.

Mycar.kz онлайн сатылым қызметін 2022 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда "Астана Моторс" құрамындағы бес автомобиль түрін онлайн саудалауда. Mycar.kz автокөлікті тіркеу қызметін екі сағаттан 10 минутқа дейін қысқарта алды. Барлық құжат мобильді қосымша арқылы толтырылады.

Mycar.kz компаниясы автокөлікті тіркеуді автоматтандырып, оны 10 минутқа дейін қысқартты. Бұл нәтижеге ЦДИАӨМ, ІІМ, Digital ID, e-GOV, e-Notary мемлекеттік органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде қол жеткізді. Бүгінде 500-ден астам адам Mycar.kz қосымшасы арқылы онлайн автокөлік сатып алған. 2024 жылы онлайн сатылымды 1500-ге дейін жеткізу жоспарда бар, сондай-ақ өзге де бағыттарға күш салып, сервистік қызметтер мен Trade-in бағдарламасы бойынша көліктерді алмастыруды қосымшада дамыта түсеміз, - деді Mycar Group басшысы Ерікқали Тұржанов.

Қосымша арқылы автокөлік сатып алу интернет-дүкенде смартфон, киім немесе азық-түлік сатып алудан қиын емес. Сіз онлайн көлік сатып алуға дайынсыз ба?