Аягөздегі төрт баланың қазасы: Полиция өрт кезінде ақша ұрлау дерегіне қатысты тергеу бастады

0
589

Қазан айының соңында Аягөздегі жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқан болатын.


Аягөздегі төрт баланың қазасы: Полиция өрт кезінде ақша ұрлау дерегіне қатысты тергеу бастады

ERNUR.KZ. Аягөзде төрт бала қаза тапқан жеке үйдегі өрт кезінде 900 000 теңгедей қомақты қаржы жоғалып кеткен. Полицейлер тергеу амалдары мен мән-жайды анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді, деп жазады stan.kz.

Журналистердің мәліметінше, бұл сомманы ата-анасы екінші баласына ота жасату үшін жинаған.

"Қазір әлеуметтік желіде әртүрлі нұсқалар жарияланып жатыр. Оның ішінде өрт кезінде үйден ақша ұрлау фактісі де бар. Бұл ақпаратты тексеру үшін Қылмыстық кодекстің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын және қылмысты жасаған тұлғаларды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде", – деп хабарлады ІІМ.

Министрлік жәбірленушілердің ұрлық жасады деп полиция қызметкерлерінен де, өрт сөндірушілерденде күдіктенбейтінін баса айтты. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқан азаматтарға қатысты қылмыстық жауапкершілік барын еске салды.

Еске салсақ, қазан айының соңында Аягөздегі жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапқанын хабарлаған едік. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға болған кезде ол жұмыста болған, ал анасы базарға азық-түлік алуға кеткен.