Аязда немересімен қатып қалған ерлі-зайыптыларға қатысты тың дерек шықты

0
628

Аязда үсіп қалған ерлі-зайыпты мен немересі ауылға жақын қалғанда таксиден түсіп қалған.


Аязда немересімен қатып қалған ерлі-зайыптыларға қатысты тың дерек шықты

ERNUR.KZ. Абай облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың дерек шықты, деп жазады baq.kz.

Abainews телеграм арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, аязда үсіп қалған ерлі-зайыпты мен немересі ауылға жақын қалғанда таксиден түсіп қалған.

Қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында болған. Отбасының туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылар 3 жастағы немересін алып, қаладан көрші ауылға қонаққа барған. Түн ішінде үйлеріне қайту үшін жолшыбай көлік тоқтатады. Жақындары жүргізуші оларды түсіріп кеткенін немесе жолаушылар көліктен өздері түсіп қалғанын біле алмай отыр. Белгілісі, ауылға 1 шақырымға қалған олар баланы көтеріп, үйлеріне жаяу беттеген.

Таңертең олардың денелерін тапқанда, тәтем ауылдан 50 метр, ал ағам мен немересі 100 метр жерде жатқан. Туыстары аязды күні жолда адамдарды түсіріп кету себебін нақтылау үшін көлік жүргізушісін іздеп жатырмыз, - дейді отбасының туысы.

Жарма аудандық полиция бөлімшесі бұл деректі растап отыр.