Азамат Панбаев Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болды

0
980

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.


Азамат Панбаев Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болды

ERNUR.KZ. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады kaz.zakon.kz.


Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Азамат Серікұлы Панбаев ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Азамат Панбаев 1987 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің іс жүргізушісі болып бастаған.
  • 2009-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерді атқарды.
  • 2016-2019 жылдары ҚР президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде консультант болып жұмыс істеді.
  • 2019-2022 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.
  • 2022 жылғы наурыздан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2023 жылы 30 мамырдан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.