«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы ауысты

0
703

​ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы ауысты

ERNUR.KZ. Оған дейін Сүйеніш Әбділдин басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған, деп жазады ҚазАқпарат.

Сүйеніш Әбділдин 1990 жылы туған.

2011 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританиядағы Бирмингем университетін тәмамдаған. Компьютерлік ғылымдар мамандығының магистрі.

Еңбек жолын 2011 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жетекші маман болып бастайды. 2012-2013 жылдары «ЭПАМ Қазақстан» ЖШС-да бизнес-талдаушы қызметін атқарған. 2014-2018 жылдары «Қазпошта» АҚ-да, коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде кеңесші болды.

2020 жылдың қазан айынан бастап, «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ол фронт-офистерді үйлестіру, сапаны бақылау, бірыңғай байланыс орталығы және мемлекеттік корпорацияның IT саласына жетекшілік етті.