Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты тексеру жүргізуді бастады

0
1 395

Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған.


Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты тексеру жүргізуді бастады

ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты түсінік берді. Ведомство осы жағдайға байланысты қосымша тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"2023 жылғы 25 ақпанда Астана-Шымкент КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде сағат 05:40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуежайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактісі бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған.
"Сонымен бірге өтініш білдірген барлық жолаушыға билеттерді толық қайтару рәсімделді. Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Азаматтық авиациядағы басты басымдық - ұшу қауіпсіздігі", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарған еді.
Кейбір жолаушылар әуе компания өкілдерін ұрып, заттар лақтырған.
Кейін әуе компания қызметкерін ұрып-соғып, ұсақ бұзақылық жасаған жолаушы жазаланғаны хабарланды.