Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайтын болады

0
1 683

АИТВ-инфекциясы індетін жоюдың әлемдік стратегиясында 2030 жылға қарай заманауи тәсілдер мен 90:90:90 қағидатының негізінде ДДСҰ мақсатты көрсеткіштері қабылданды: 2020 жылға қарай АИТВ-мен өмір сүретін 90% адам, өздерінің АИТВ-ахуалдарын білетін болады, АИТВ-инфекциясы диагностикаланған 90% адамның барлығы антиретровирустық терапия қабылдайтын болады, АРТ қабылдайтын 90% пайыз пациентте айқындалмайтын вирустық ауыртпалыққа қол жеткізілетін болады.


Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайтын болады

Егер 2006 жылы 54% АӨА өмірлік қажетті терапияға қол жеткізген болса, ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 80 жететін болады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ сайтына сілтеме жасап.

АИТВ-инфекциясы індетін жоюдың әлемдік стратегиясында 2030 жылға қарай заманауи тәсілдер мен 90:90:90 қағидатының негізінде ДДСҰ мақсатты көрсеткіштері қабылданды: 2020 жылға қарай АИТВ-мен өмір сүретін 90% адам, өздерінің АИТВ-ахуалдарын білетін болады, АИТВ-инфекциясы диагностикаланған 90% адамның барлығы антиретровирустық терапия қабылдайтын болады, АРТ қабылдайтын 90% пайыз пациентте айқындалмайтын вирустық ауыртпалыққа қол жеткізілетін болады.

- Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін отандық ЖИТС қызметі алдағы жылдың басынан бастап «Тестілеуден өткіз де, емде» стратегиясына өтетін болады. Антиретровирустық терапия тестілеу кезінде анықталған барлық пациенттерге клиникалық көрсеткіштеріне қарамастан тағайындалатын болады. Бұл шара профилактикалық болып табылады. Басты күтілетін нәтиже – тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының әрі қарай таралушылығын тоқтату болып табылады, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Медициналық жұмысшылардың оптимизмі тағы бір позитивті тенденциямен негізделеді. АӨА-ға медициналық көмекті көрсету жүйесін жетілдірудің арқасында жыл сайын АРТ-мен қамтуды арттырудың нәтижесінде ЖИТС-тен болатын өлім-жітімнің азайғандығы байқалады: 2010 жылы 16,1-ден 2017 жылы 10,6 дейін (1000-ға).

АРТ сапасын, пациенттердің емге бейілділігін арттыру мақсатында жыл сайын елде қолданыстағы нормативтік құжаттардың және халықаралық ұсынымдардың негізінде жаңа антиретровирустық препараттар тіркелуде, емдеудің алдыңғы қатарлы сызбалары қолданылуда.

АРТ-препараттарын сатып алу ЮНИСЭФ жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдай елдегі шекті бағалармен салыстырғанда 2-ден 40 есеге дейін бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Қаржыларды үнемдеудің нәтижесінде барлық мұқтаж пациенттерді антиретровирустық еммен қамтуды арттыру және тиянақталған мөлшерлемесі бар жаңа аралас препараттарды қолдануды арттыру мүмкіндігі пайда болды.

Бүгінде ҚР-да тіркелген 31 антиретровирустық препараттың ішінен – 26 күнделікті практикада қолданылады. Жыл сайын әлемде өздерін көрсеткен және тиянақталған мөлшерлемесі бар жаңа аралас препараттарды пациенттерге тағайындау артып келеді.