Қазақстанда бензин арзандады

0
1 211

«ҚазМұнайГаз Өнімдерінің» баспасөз қызметі берген хабарламада 12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандап, литрі 159 теңгені құрайтын болады.


Қазақстанда бензин арзандады

фото: imotor.su

Қазақстанда АИ-д2 маркалы бензиннің бағасы арзандады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз Өнімдерінің» баспасөз қызметі берген хабарламада 12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандап, литрі 159 теңгені құрайтын болады», - делінген.

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағар май құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.