Қазақстанда ораза 17 мамыр күні басталады

0
3 622

Бұған дейін Қазақстанда Қасиетті Рамазан айы 16 мамыр күні басталатыны туралы ресми айтылған еді.


Қазақстанда ораза 17 мамыр күні басталады

ERNUR.KZ. Ораза 17 мамыр күні басталады. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми өкілі Данияр Сүлейменов хабарлады.

Әлеуметтік желідегі "Рамазан айы 17 мамырдан басталатыны" туралы тараған ақпаратты анықтау үшін Мүфтиятқа хабарласқан ERNUR.KZ тілшісіне Бас Муфти кеңесшісінің көмекшісі Данияр Сүлейменов Оразаның басталу мерзімінің өзгергені туралы ресми хабарлама әзірленіп жатқанын айтты.

Бұған дейін Қазақстанда Қасиетті Рамазан айы 16 мамыр күні басталатыны туралы ресми айтылған еді.

Хиджра бойынша айлар жаңа айдың тууымен есептеледі. Ал жаңа ай, астрономдардың есебі бойынша, Орталық Азияда 16 мамырдан 17 мамырға қараған түнде көрінеді.

Оразаның басталу мерзімінің өзгеруі де осыған байланысты деп түсіндірді ҚМДБ өкілі.

Қоса кетейік, Оразаның басталу мерзімінің өзгертілгені туралы Өзбекстан Діни басқармасы да хабарлады.