​Қазақстанда шай арзандады

0
2 151

Көп жылдан бері Қазақстанда алғаш рет шай 2% арзандады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қазақстанда шай арзандады

фото evreimir.com

Көп жылдан бері Қазақстанда алғаш рет шай 2% арзандады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда жазға қарай орташа есеппен шай килограмының бағасы 2 865,8 теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,1% арзан. Шай бағасы бәрінен көп Жезқазған (10,9% арзандап, 2 389 теңге болды) және Орал (9,7% арзандап, 2 431 теңге болды) қалаларында арзандады. Салыстырмалы түрде әзірге Қостанай, Алматы және Астана қалаларында қымбат.

2015-2016 жылдары Қазақстан бойынша шай бағасы тек қымбаттады. Тұтынушылар бағасының индексі бірден 131,9% құрады. 2017 жылы да баға өсті. Бірақ бұл жылы тұтынушылар бағасының индексі 119,2% құрады.

Биылдан бастап қана шай бағасы арзандады. Жыл басында 1% арзандаса, бес ай ішінде бағасы 2% төмендеді.

Сондай-ақ, жыл сайын шай мен кофе өндірісі артып келеді. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 3% артып, 6,2 мың тоннаны құрады. Қазақстан бойынша шайдың 87,8%-ы Алматыда өндіріледі.