Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді

0
691

​Нота Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Әзербайжан азаматтарын ұстау кезінде қару қолданғандықтан жіберілген.


Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді

ERNUR.KZ. Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бакудегі елшісі Сержан Әбдікәрімовке нота табыстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әзербайжанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, министрдің орынбасары Халаф Халафов Қазақстанның елшісімен кездесу өткізіп, Каспий теңізінде Әзербайжан азаматтарын ұстау кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты жағалау күзетінің қару қолдануына байланысты алаңдаушылық білдірді.

30 сәуірде шекара қызметінің жағалау күзеті Әзербайжанның төрт азаматын ұстау кезінде қарудан оқ атқан. Салдарынан бір адам қаза болып, екеуі жараланды.

Әзірге көз жұмған азаматтың денесі Әзербайжанға жіберілген жоқ.

Халафов кездесуде Қазақстан елшісіне Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің нотасын тапсырды.