Азияның 3 мемлекетінде коронавируспен сырқаттану деңгейі артқан

0
567

Әлемде соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың саны 20% төмендеген.


Азияның 3 мемлекетінде коронавируспен сырқаттану деңгейі артқан

ERNUR.KZ. Қазақстан коронавируспен сырқаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің арасында 120-орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлемде соңғы аптада коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың саны 20% төмендеді.

215 елдің 180-інде сырқаттанушылықтың төмендеуі, оның ішінде Америкада 46%, Израильде, Арменияда 45%, Чехияда 32%, Ұлыбританияда 23%, Түркияда 11%, Австрияда, Ресейде 9% төмендеуі байқалады.

Сонымен қатар әлемнің 35 елінде аурудың өсуі жалғасуда, оның ішінде Малайзияда 1,4 есе, Қытайда 1,3 есе, Таиландта 1,2 есе өскен», - деді министр.

Оның айтуынша, соңғы айда әлем ретингінде 1 млн халыққа шаққандағы Қазақстанның сырқаттанушылық деңгейі 5 сатыға жақсарған.

«Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 120-орында тұр. Өлім-жітім бойынша көрсеткіш 6 сатыға жақсарды және 225 орыннан 108-орында тұр», - деді Ажар Ғиният.