Б. Сағынтаев: 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтағы елді мекендерді кең жолақты Интернетке қосу керек

0
1 432

Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтағы елді мекендер кең жолақты Интернетке толықтай қосылуы тиіс екенін атап өтті. Жалпы алғанда, Білім және ғылым министрлігі әкімдермен бірлесіп, цифрландыру жұмыстарын жалғастырып, барлық жоспарлы көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етуі керек.


Б. Сағынтаев: 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтағы елді мекендерді кең жолақты Интернетке қосу керек

фото: primeminister.kz

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында білім беру саласын цифрландыру мәселелері қаралды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz -ке сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдерінің баяндамаларымен танысқаннан кейін Бақытжан Сағынтаев алға қойылған міндеттерді орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Елбасы Жолдауда Үкіметке цифрлық білім беру ресурстарын одан әрі дамыту міндетін қойды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған шаралар анықталды. Бұл шалғайдағы ауылдық жерлер үшін аса маңызды.

«Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бар, — деді Премьер-Министр. — Цифрлық технологияларға көшу үшін Білім және ғылым министрлігі 2018 жылы ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдармен біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс».

Облыстардың әкімдеріне мектептерді техникалық жабдықтау және оларды кең жолақты Интернет желісіне, Wi-Fi жүйесіне қосу жұмыстарын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың соңына дейін барлық қашықтағы елді мекендер кең жолақты Интернетке толықтай қосылуы тиіс екенін атап өтті. Жалпы алғанда, Білім және ғылым министрлігі әкімдермен бірлесіп, цифрландыру жұмыстарын жалғастырып, барлық жоспарлы көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етуі керек.

Бақылау жұмыстары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиевке жүктелді.