Бағдаршамның кесірінен көлік апаты орын алды

0
1 923

Алматыда бағдаршам істен шығып, көліктер соқтығысты


Бағдаршамның кесірінен көлік апаты орын алды

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Алматыда Абай мен Брусиловский көшелері қиылысында бағдаршам істен шығып, көлік апаты болды, деп жазады ҚазАқпарат

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado Абай көшесімен батысқа қарай жол тартқан. Nissan Ekstrel Брусиловский көшесімен оңтүстікке бағыт алған.

Екі көшенің қиылысында бағдаршам жұмыс істемей тұрған. Дəл осы жерде жолдары түйіскен қос көлік соқтығысқан. Nissan көлігі Toyota Prado-ны жанынан соғып, оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.


Екі адам ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.