Бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізуші бір адамды мерт қылды

0
950

​Бүгін түнде «Toyota Camry» жүргізушісі бағдаршамның қозғалысқа тыйым салатын белгісін елемей, «Mercedes-Benz» автокөлігімен соқтығысты.


Бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізуші бір адамды мерт қылды

ERNUR.KZ. Екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жексенбі, 8 мамыр сағат 02:40-та «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Сөйтіп, Кенесары көшесімен келе жатқан «Mercedes-Benz» автокөлігін соғады. Жол-көлік оқиғасынан «Mercedes-Benz» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.

Ведомстводан мәлім еткендей, «Toyota Camry» жүргізушісі мен «Mercedes-Benz» жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал, Ақтауда ұландықтар жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге жедел көмек көрсетті.