​«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі ұшырылды

0
2 395

10 шілдеде Астана уақыты бойынша 03 сағат 51 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы көмегімен «Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды.


​«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс МС-09» жүк кемесі ұшырылды

10 шілдеде Астана уақыты бойынша 03 сағат 51 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы көмегімен «Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшырылым «Союз» зымыран тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-алаңынан бастау алды және штаттық режимде өтті.

«Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жүк кемесін ұшырудағы мақсат халықаралық ғарыш стансасына экипаж жұмысының тіршілігіне және станцияның жұмыс істеуіне қажетті жанармай, азық-түлік, су секілді жүктерді жеткізу.

«Прогресс МС-09» транспорттық жүк кемесін ресейлік «С.П. Королева атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы құрастырған және ол орбиталдық стансаны жабдықтау үшін «Союз» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығатын пилотсыз транспорттық жүк кемесінің сериясына жатады.