Байқоңыр кешенінде қызылша індеті қауіп төндіріп тұр

0
382

Қалада қызылшаға қарсы вакцинация жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылданды.


Байқоңыр кешенінде қызылша індеті қауіп төндіріп тұр

ERNUR.KZ. "Байқоңыр" кешенінде қызылша ауруына байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген қызылша ауруының саны 7 мыңнан асты. Қазақстан Республикасында қызылша бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай (жақын маңдағы кенттерді қоса алғанда) "Байқоңыр" кешенінде де нашарлаған", - делінген хабарламада.
Қаланың ведомствоаралық санитарлық-эпидемияға қарсы комиссиясының мүшелері қызылшаға қарсы вакцинация жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылдады.
Ғарыш айлағы мен аттас қаланы қамтитын Байқоңыр кешені Ресейге 20 жылға жалға берілді. "Байқоңыр" кешенін жалға алу кезеңінде елді мекен федералды маңызы бар қалаға сәйкес мәртебеге ие, объектілердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз жұмыс істеуінің ерекше режимі бар.