​Байқоңырда карантин шаралары 1 қарашаға дейін ұзартылды

0
480

Байқоңырда шектеу шаралары тағы ұзартылды.


​Байқоңырда карантин шаралары 1 қарашаға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Байқоңырда карантин шаралары 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп жазады baq.kz.

Байқоңыр кешенінің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің ұсынысына сәйкес, әкімшілік басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында шектеу шараларын 2020 жылдың 1 қарашасы сағат 24:00-ге дейін созу туралы шешім қабылдады. Қолданыстағы шектеу шаралары сақталады, - делінген қала әкімшілігінің ресми сайтында.

Жедел штаб қала тұрғындарын маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты және жеке гигиена мен санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.