Байқоңырда жоғалған баланың мәйіті табылды: оқиға орнында түсірілген видео

0
2 681

​Құтқарушылар, тәртіп сақшылары және ондаған ерікті ертеңіне жоғалып кеткен жеті жасар балаларды іздеуге қосылды. Екінші баланы іздеу жалғасуда.


Байқоңырда жоғалған баланың мәйіті табылды: оқиға орнында түсірілген видео

ERNUR.KZ. Байқоңырда сегіз жасар Нұрәлі Оразбаевты іздеу жалғасуда, ол өзінің досы Ерхан Анаспен бірге кеше таңертең бассейннен шығып, үйлеріне оралмаған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Ал өзен балалар жаттығатын спорт кешені ғимаратынан екі жүз метр қашықта ағып жатыр. Бұл туралы іздеуге қатысқан еріктілер хабарлады.

"Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылды. Екінші баланы іздеу жалғасуда", – деді құқық қорғау органдарының өкілдері.





Қазіргі кезде "Байқоңыр" кешені прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысы прокурордың ерекше бақылауында.


Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, іздеу жұмыстарына Қазақстан мен ресейлік полицейлер және ТЖМ өкілдері, прокуратура қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды.
Интернетте олардың "Орион" бассейні ғимаратынан екі жүз метрдей қашықта ағып жатқан Сырдария өзеніне қарай бара жатқанын көргендер туралы ақпарат пайда болған. Кейіннен еріктілер мен полицейлер және төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қосылып, өзен жағалауын қарап шықты.

Сондай-ақ, қала жастары жоғалған балаларды іздеу үшін еріктілер тобын құрып, таңертеңгі сегізден бастап аулалар мен қуыс-қалтарыстарды, гараждарды аралап шыққан.