Байқоңырдағы кешен Назарбаевтың құрметіне жаңа атауға ие болды

0
855

"Назарбаев старты" - ұшыру кешені осындай жаңа атауға ие болды.


Байқоңырдағы кешен Назарбаевтың құрметіне жаңа атауға ие болды

ERNUR.KZ. Байқоңырда «Союз-6» және «Союз-5» орташа және орташа ауыр зымырандарды ұшыру үшін салынып жатқан ғарыш-зымыран кешені Қазақстанның Тұңғыш президентінің құрметіне аталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Назарбаев старты" - ұшыру кешені осындай жаңа атауға ие болды.
Атауды өзгерту туралы ұсынысты Владимир Путин Мәскеудегі Елбасымен кездесуі кезінде айтқан еді. Олар ВДНХ-дағы Қазақстан павильонына барды.
Бұрын салынып жатқан кешен «Бәйтерек» деп аталды. Оны құру туралы келісімге 2018 жылы Байқоңырда қол қойылған болатын.
Алғашқы зымыран 2022 жылы жаңа кешеннен ұшырылады деп болжануда.