Байқоңырдан ғарышқа "Союз МС-13" кемесі ұшырылды

0
1 362

Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұшу бастаған сәттен 9 минут өткенде орбитаға шықты.


Байқоңырдан ғарышқа

ERNUR.KZ. 20 шілдеде кешкі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағанынан "Союз-ФГ" зымыраны "Союз МС-13" ғарыш кемесімен ұшты. Қазақстан тұрғындары әуедегі қатты жылдамдықпен қозғалған жарықты тамашалады. Желіде осы сәттің суреттері мен видеоларды жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасы бойынша, зымыранның ізін Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында көруге мүмкіндік туған.

"Бізде Балхашта әуеде ғажайып нәрсе болып жатыр!" "Мойынқұм ауданында (Жамбыл облысында - түсіндіру) бұл ерекше әсерлі болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес".

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-13" ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұшу бастаған сәттен 9 минут өткенде орбитаға шықты. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавты, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавты Эндрю Морган бар.