"Бәйтерек" холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартты

0
418

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды.


ERNUR.KZ. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымы оңтайландырылды. Бұл мәліметті Ұлттық экономика министрлігі жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ 25 шілдеде "ҚазАгроҚаржы" АҚ (ҚАҚ) акцияларының 100%-ын "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ға (АНК) берді.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компанияларының жалпы саны 7-ге дейін қысқартылды.

ҚАҚ АНК-нің еншілес компаниясына айналып, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша өзінің негізгі қызметін жалғастырады. Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер ҚАҚ-тың қазіргі клиенттеріне және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді", – делінген министрлік хабарламасында.