"Бәйтерек" жобасы бойынша алғашқы ұшыру сынағы 2024 жылы өтуі мүмкін

0
376

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарламасында айтылған.


ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей өкілдері Байқоңырдағы кездесу барысында "Бәйтерек" жобасы бойынша алғашқы ұшыру сынағының мерзімін 2024 жылға жылжыту қажеттігін атап өтті, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарламасында айтылған.
9 тамызда Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов Байқоңыр ғарыш айлағында кездесті.
"Кездесу барысында тараптар "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, алғашқы ұшыру сынағының мерзімін 2024 жылға жылжыту қажеттігін атап өтті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Бағдат Мусин туристерді кешенге өткізу тәртібін онлайн жүйе арқылы жеңілдетуді ұсынды.
"Цифрлық форматта онлайн кіру жүйесін қолдану арқылы "Байқоңыр" кешеніндегі туризмді дамытуға болады", - деді Бағдат Мусин.
Кездесуге Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай да қатысты.