Байзақ және Жамбыл аудандары Тараз қаласына қосылады

0
2 867

Қала территориясы 30 мың гектарға дейін артады деп жоспарлануда.


Байзақ және Жамбыл аудандары Тараз қаласына қосылады

ERNUR.KZ. Байзақ және Жамбыл аудандарының территориясы Тараз қаласының бір бөлігіне айналмақ, деп жазады zakon.kz.

Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты 14 елдімекенді қаланың бір бөлігіне айналдыру жоспарланып отыр. Ондай жағдайда 44 мың ауыл тұрғыны қалалық атанады.

Қала территориясы 30 мың гектарға дейін артады деп жоспарлануда, ал 2025 жылға қарай оны екі әкімшілік орталыққа бөледі. Қаланың кеңеюі үш жаңа ықшам аудан құруға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылдың соңына жоспарланған.

"14-ші ықшам ауданда біз 64 көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл, негізінен, коммерциялық болады, яғни 7-ден 12 қабатқа дейін. Сонымен қатар, бізде "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында жаңа мектеп салу жайы қарастырылған. Сауда орталықтары, спорт кешендері және спорт алаңдары сияқты денсаулық сақтау және коммерциялық нысандар да бар. Биыл алғашқы үйлердің құрылысын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бүгін біз аукционға құжаттар дайындап жатырмыз, яғни инвесторлар тарту үшін", - дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Тараз әкімдігінің мәліметінше, қалада Орталық Азиядағы ең ірі аквапарк салу жоспарланған. Оның құрылыс жұмыстары бүгіндері басталып кеткен.