Байзақта тағы бір бомба табылды

0
741

Мамандар табылған снарядтың "ОФАБ-100" үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екенін анықтады.


Байзақта тағы бір бомба табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданының Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарылғыш заттың табылғанын Байзақ ауданының полиция бөліміне 22 ақпан күні сағат 14.30-да 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған.

Жер шамасы – Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағы. Мамандар табылған снарядтың "ОФАБ-100" үлгісінің жарықшақты-фугасты авиациялық бомбасы екенін анықтады.

Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы оқу полигонына алып кетті.