БАҚ өкілдері де вакцина салдыруға міндетті – Жанбарбек Бекшин

0
450

Алматының бас санитар дәрігері бұл өзгеріске түсініктеме берді.


БАҚ өкілдері де вакцина салдыруға міндетті – Жанбарбек Бекшин

ERNUR.KZ. Ақпанда ерікті, маусымнан бастап міндеттеле бастаған вакцинациялау тағы да талқыға түсті. Бұл жолы мәселе бұқаралы ақпарат құралдарына қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 Қаулысында «байланыс және телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандар да екпе салдыруға міндетті» деген тұсы бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осы өзгеріске қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, енді міндетті вакцинациялауға жататындар тізіміне БАҚ өкілдері де қосылған.

«Мұның себебі – БАҚ өкілдері халықпен тығыз байланысты жұмыс істейді. Операторлар мен режиссерлер түсірілім алаңдарында еңбек етеді. Ол жабық кеңістік, декорация, көрермен ауысады, ал мамандар сол жерден шықтайды. Сондықтан осындай шешім қабылданды», – деді Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.