Бахрейнде сексуалды құлдықта болған 21 қыз елге оралды

0
1 723

Қазір ол қыздар Қазақстанда. Бәрінің жағдайы жақсы.


Бахрейнде сексуалды құлдықта болған 21 қыз елге оралды

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Бахрейнде сексуалды құлдықта болған қазақстандық бойжеткендердің елге қалай қайтарылғанын айтып берді, деп жазады baq.kz.

«Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бахрейндегі сексуалды құлдықтан Қазақстанның 21 азаматын босатып алғанымызды хабарлаған едік. Бұл жұмыс Бахрейннің құқық қорғау органдары және Сауд Арабиясының елшілігімен бірге жүргізілді. Қазір ол қыздар Қазақстанда. Бәрінің жағдайы жақсы. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Айбек Смадияров елордада өткен брифинг барысында.

Ол сонымен қатар қылмыстық топтың құрамында Қазақстан азаматы болғанын да айтып өтті.

«Істің мән-жайын толық айта алмаймын. Ол іске шетел азаматтары ғана емес, Қазақстан азаматтарының да қатысы бар. Олар дәл осы іспен айналысқан ірі ұйымдасқан қылмыстық топ болған. Тергеу аяқталып, қажетті ақпарат дайын болғанда міндетті түрде ол туралы хабарлаймыз», - деді Айбек Смадияров.