​Бақшаның шөбін қойға "жұлдыру" технологиясын ойлап тапқан қазаққа ел разы болды (видео)

0
1 813

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы бақшаның шөбін жұлудың әдісін тапқан азаматқа разы болған жанның бейнежазбасы тарады.


​Бақшаның шөбін қойға

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желі арқылы бақшаның шөбін жұлудың әдісін тапқан азаматқа разы болған жанның бейнежазбасы тарады.

Автордың атуынша, мұндай тамаша әдісті ойлап тапқан азамат – оның туысы. Туысының бақшасын видеоға түсірген ол жайтты түсіндіре келіп, бақшаның шөбін кім «жұлатынын» да айтады.

Бейнежазбада көрсетілгендей, белгісіз азамат бақша арасындағы қарықтың ішіне сыятындай етіп темір қоршау жасаған. Қоршаудың ішіне қой қамалады. Қой бақшадағы көшеттерге зиянын тигізбей арамшөптерді жеп біткенде, қоршау орнынан жылжытылады.

«Мұндайды кім ойлап таба алады?» дейді автор бақшаның арамшөбін тазартудың ең оңай да табиғи әдісін ойлап тапқан туысына разы болып.

Бейнежазбаның Қазақстанның қай аумағында түсірілгені белгісіз.

Видео әлеуметтік желіден алынды