Бақытжан Сағынтаев қаңғыған оқтан көз жұмған көпбалалы ананың отбасына барды

0
550

Бақытжан Сағынтаев қара жамылған отбасына көңіл айтып барды.


Бақытжан Сағынтаев қаңғыған оқтан көз жұмған көпбалалы ананың отбасына барды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 қаңтар күні қаладағы тәртіпсіздік кезінде кенеттен жарақат алып, қаза тапқан көпбалалы ананың отбасына барды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев қара жамылған отбасына көңіл айтып барды.

5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған – оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.

Көлікте отырғанда басына оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылы туған төрт баласымен жалғыз қалды.

Ерлі-зайыптылар балаларымен бірге жалға алынған уақытша баспанада тұратын еді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.