Бақытжан Сағынтаев азаматтық авиацияны дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

0
1 104

​Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің азаматтық авиациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді,-деп хабарлайды primeminister.kz.


Бақытжан Сағынтаев азаматтық авиацияны дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді

фото: primeminister.kz.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің азаматтық авиациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді,-деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында азаматтық авиация жүйесін жетілдіру, ұшып-қону сапасын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада жаңа халықаралық рейстерді ашудан болатын экономикалық тиімділік, сондай-ақ авиациялық отынның және әуежайлар тарифтерінің бағасын реттеу мәселелері талқыланды.

Анықтама: 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында тасымалданған жолаушылар саны 1,1 млн-ды құрады, бұл 2017 жылдың осындай көрсеткішінен 20%-ке жоғары (0,9 млн жолаушы). 2 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың осындай мерзіміне қарағанда 11%-ке артық (1,8 млн жолаушы). 2018 жылы кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін Астанада 2020 жылы аяқталатын Авиациялық оқыту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр.