Бала күтушінің 1,5 жастағы сәбиді ұрған видеосы пайда болды

0
1 391

Бала күтушінің әрекеті камераға түсіп қалған.


Бала күтушінің 1,5 жастағы сәбиді ұрған видеосы пайда болды

Алматылық ерлі-зайыптылар қатыгез бала күтішуге шағымданды. Олар жасырын камера орнатып, бала күтушінің бір жарым жастағы ұлын ұрғанын көрген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видео "Немолчиkz" қорының Facebook парақшасында жарияланды.

Видеодан жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін әйел баланы басы мен арқасынан ұрып жатқанын байқауға болады.

Көршілер баланың ата-анасы үйде болмаған кезде ол көп жылайды деп шағымдана бастаған. Осыдан кейін баланың әкесі үйге лезде жасырын камера орнатып, не болып жатқанын көру үшін онлайн трансляция қосып қойған.
"Камера қойғаннан кейін бірінші күні-ақ анасы жұмысқа кете салысымен, бала күтуші бүлдіршінді ұра бастады. Бізге баланы соғып жатқаны түсірілген видеоны табыстады. Баланың ата-анасы әйел жазадан құтылып кетеді деп қорқуда. Олай болған жағдайда әлгі әйел тағы біреудің баласын қорлайды ғой", - делінген желідегі жазбада.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, жақында әкімшілік сотта отырыс өтіп, онда іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" деп аталатын 73-бап бойынша қаралды. Алайда сот істі тергеуге қайта қайтарған.
Белгілі болғандай, балақайды ауруханаға апарған кезде оның денесі көгергені және соққылардан басының ісіп кеткені байқалған.