Балабақшадағы сұмдық жағдай: баланың денесін кім тістегені анықталып жатыр

0
438

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Балабақшадағы сұмдық жағдай: баланың денесін кім тістегені анықталып жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде баланың тістелген денесі бар суреттер тарады. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Абай ауылындағы «Жәния» балабақшасында баланың денесінің тістелген фотосуреті таратылдыа. Ата-аналар бұл ересек адамның ісі деп отыр. Қарасай ауданының ПБ ҚР ӘҚБтК 127-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Директорға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабы 3-бөлігі бойынша облыстың білім басқармасына ұсыныс дайындалды. ҚР ҚК 141-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Бүлдіршіннің ата-анасы балабақшада болған оқиғаны тексеру үшін бейнебақылау камераларындағы видеоны талап еткен. Алайда сол күні электр қуаты өшіп, камералар қалыпты жұмысын тоқтатқан.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Алматы облысының «Жәния» жеке балабақшасында орын алған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жасады.

«Алматы облысы білім басқармасының берген ақпарынша, бейнебақылау камераларының материалдарын зерделеу кезінде факт расталды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оқиға орнында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттің өкілдері де бар. Тексеру нәтижесіне сәйкес балабақша әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Бұл жағдай Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бақылауында екенін атап өткен жөн», - делінген мәлімдемеде.