Балабақшаға қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр

0
638

Сәуірдің басында желіде Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде баланың соққыға жығылған видеосы тараған еді.


Балабақшаға қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова Сенат кулуарында Нұр-Сұлтандағы балабақшада ерекше бүлдіршін соққыға жығылғанын айтып, тексеру жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Бірінші вице-министр тексеру аяқталғаннан кейін Білім және ғылым министрлігі балабақшалардың жұмысына қатаң шаралар қолдануды жоспарлап отырғанын хабарлады.

"Министрлік бұл өте қиын жағдай екенін мойындайды. Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Сондықтан қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шарасын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, мұғалімдерге де талапты күшейтеміз. Балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшалардың кейбірінен лицензиясы алынуы да мүмкін", - дейді Шолпан Қаринова.

Оның айтуынша, балабақшаларға қойылатын талаптарды қатайту нормалары қазірдің өзінде министрлікте қарастырылып жатыр.

Сәуірдің басында желіде Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде баланың соққыға жығылған видеосы тараған еді. Осы факті ҚР Қылмыстық кодексiнің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Осы ретте білім басқармасы балабақшаның жекеменшік екенін және оған мемлекеттік тапсырыстың қолданылмайтынын еске салды.