Балабақшаларда да енді педагог-ассистенттер жұмыс істейді

0
627

Алдағы уақытта еліміздегі балабақшаларда ерекше балаларды тәрбиелейтін жаңа маман пайда болады.


Балабақшаларда да енді педагог-ассистенттер жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Қазір оны енгізу жағы қарастырылып жатыр, деп жазады zakon.kz.

"Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қатысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тәрбие-білім алуына жағдай жасау керектігі жөніндегі норма бар. Сондай-ақ білім беру ұйымы басшыларына қатысты жауапкершілік күшейтілді. Олар ерекше балаларды талапқа сай жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс. Бүгінде мектептерге педагог-ассистент лауазымы енгізілген. Қазіргі уақытта мектептерде 1000-ға жуық педагог-ассистенттер жұмыс істейді. Енді мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистент лауазымын енгізу жоспарланып отыр".Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова

Еске салайық, 2021 жылы Қазақстан мектептерінде педагог-ассистент лауазымы енгізілді.