Балалар құқығын қорғайтын "111" нөмірі шұғыл байланыс қызметтері тізіміне қосылады

0
2 041

Қазіргі уақытта бұл тізімде жеті байланыс орталығы бар.


Балалар құқығын қорғайтын

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Тізімге Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы қосылмақ.

Айта кетсек, қазіргі таңда тізімде жеті байланыс орталығының нөмірі бар. Олар:

102 – Ішкі істер органдары;

103 – Жедел медициналық жәрдем қызметі;

101, 112 – Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі;

104, 109 – Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер;

1414 – Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы;

110 – Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі";

1450 – Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 18 қыркүйек.