Балалар суициді көбейіп барады – Президент төрт өңірді ерекше атап өтті

0
646

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.


Балалар суициді көбейіп барады – Президент төрт өңірді ерекше атап өтті

ERNUR.KZ. Президент адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратынын мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін», - деді ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент осы жылды Балалар жылы деп жариялағанын еске алды. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдататынын да жеткізді.

«Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында, яғни 3 мың мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді. Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет», - деді ол.