Балалар үйінен азық-түлік пен бензин ұрлаған бас дәрігер сотталды

0
383

Іс материалдары бойынша, 4 жыл ішінде сотталушы жалпы сомасы 3 миллион теңгеден аса азық-түлік, сондай-ақ АИ-92 маркалы бензинді миллион теңгеге ұрлап кеткен.


Балалар үйінен азық-түлік пен бензин ұрлаған бас дәрігер сотталды

ERNUR.KZ. Арқалықтағы мамандандырылған балалар үйінің директоры құны 3 миллион теңге болатын азық-түлік ұрлағаны үшін сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Арқалық қалалық соты Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған балалар үйі" КММ бас дәрігерін сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптады.

2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 адамға азық–түлік жеткізілген, дегенмен іс жүзінде онда көп болса 20 ғана бала болған. Іс материалдары бойынша, 4 жыл ішінде сотталушы жалпы сомасы 3 миллион теңгеден аса азық-түлік, сондай-ақ АИ-92 маркалы бензинді миллион теңгеге ұрлап кеткен. Біреудің сеніп тапсырылған біреудің мүлкін ысырап еткені және иемденгені үшін бас дәрігер жазасын бес жыл колонияда өтейді.

"Сот оған мүлкін тәркілеусіз, өмір бойына мемлекеттік қызметте және басқа да ұйымдарда лауазымдарды атқаруға тыйым салып, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет