Балаларды құтқармақ болған: Қапшағайда 4 адам суға кетті

0
483

Су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, ағайынды 2 бала бата бастаған.


Балаларды құтқармақ болған: Қапшағайда 4 адам суға кетті

ERNUR.KZ. Қапшағайда 32 және 30 жастағы екі ересек адам, 15 және 12 жастағы екі бала суға батып кетті. Барлығы туысқандар болған, деп жазады ҚазАқпарат.

«26 маусым күні Қонаев қаласындағы, Қапшағай су қоймасында (»Голубой залив« ауданы) шомылуға арналмаған жерде төрт адам – 1990 жылы туған әйел, 1992 жылы туған ер адам және 2007, 2010 жылдары туған екі бала суға батып кетті, 1954 жылы туған тағы бір әйел адам құтқарылды. Барлығы туысқандар», - делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметті.

Анықталғандай, су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, ағайынды 2 бала бата бастаған. Оларды ағасы, әпкесі және әжесі құтқаруға ұмтылған. Бірақ тек әжесі аман қалды. ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты.

Айта кетейік, Қонаев қаласында шомылуға рұқсат етілген 7 қалалық жағажай бар. Онда қ ұтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған. Сонымен қатар қалада 140-қа жуық жеке демалыс орны жұмыс істеп тұр.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмаған жағдайда суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдік ішпеуді және дауылды жел тұрған күндері суға шомылмауды сұрайды.