Балаларды тәпішкемен бетінен ұрған балабақша тәрбиешісінің әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)

0
1 977

Алматылық тәрбиешінің түсте ұйықтамаған балаларға қолданатын өзіндік "әдісі" бар.


Балаларды тәпішкемен бетінен ұрған балабақша тәрбиешісінің әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)

ERNUR.KZ. Желіде балабақшадағы тәрбиешінің балаларға қатыгездікпен қарағаны түсірілген видео тарап кетті. Видеодағы оқиға Алматыдағы балабақшалардың бірінде орын алған, деп жазады Stan.kz.

Желіде тараған видео кадрларынан тәрбиешінің төсекте жатқан баланың жанына келіп, оны жұлқылап тартып, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Артынша ол басқа баланы да сол бөлмеге апарады. Сонымен қатар әйелдің оларды бірнеше рет бетінен ұрғаны байқалады.

Кадр сыртында ата-аналардың болған жайтты көріп, талқылап жатқаны естіледі. Ал бір әйел, болжам бойынша тәрбиеші, жыламсырап, кешірім сұрауда.


ҚР ІІМ баспасөз қызметі видеожазбаның тексеріліп жатқанын айтты.

«Оқиға орнын анықтау үшін шаралар қолданылып жатыр. Артынша процессуалдық шешім қабылданады», - дейді ІІМ-дегілер.