Балалардың дене бөлшектерін қалдырып кеткен

0
1 493

Полицейлердің салғыртығынан ер адам қос перзентін екі мәрте жерлеген.


Балалардың дене бөлшектерін қалдырып кеткен

фото: кадрдан скринделген

Полицейлердің салғыртығынан ер адам қос перзентін екі мәрте жерлеген. Қызылордада көлік аялдамаға соғылғанда мерт болған балалардың жан-жаққа шашырап кетен дене бөлшектерін тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына қалдырып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алайда содан бері екі ай өтсе де салғырттық танытқан тәртіп сақшылары тиісті жазасын алмаған. Бұған ашынған отағасы істі Ішкі істер министрі өз бақылауын алса дейді.

Бұл - жол апатынан үш күннен соң түсірілген видео. Аялдама маңында тергеу тобы жұмыс жасауда. Алайда, сол жерде көз жұмған 9 жастағы Кәусар мен 11-дегі Нұрисламның әкесінің оларың ісіне көңілі толмайды. Өйткені, 3 тәуліктен кейін тұрғындар оқиға орнынан адам денесінің бөлшектерін тапқан. Мұны орындарға хабарлаған отағасына жергілікті билік көше тазалайтын көлік жібермекші болыпты. Қос перзентінен айырылған әкенің айқай-шуынан кейін тергеу тобы апат орнына қайта келген.

«Полиция қызметкерлері келіп, жинап алып кетті. Бір айдан кейін сараптамаға жіберді. Бір айдан кейін сараптаманың результаты дайын болды. Бізге "сіздің ұлыңызға тиесілі" деп екі ыдысқа салып әкеп берді. Әрине, ол өте ауыр тиді бізге. Уақытысында, білмеймін енді... Құзырлы органдардың салғырттығы ма?», дейді марқұм балалардың әкесі Ержігіт Пернебек.

Ал көлік аялдамаға келіп соғылғанда сонда тұрған бес адамның тек біреуі ғана аман қалды. 32 жастағы Динара Асқарова бүгінде төсекке таңылған. Ал ұлының демі отадан соң үзілген.

«Жұбайымның жағдайын айтсам, қазір өте нашар. Екі аяқтан жүре алмайды. Әйтеуір, Аллаға шүкір, аман қалды! Екі аяғы сынған, жамбас сүйегі сынған. Қазір қозғала алмайды. Қасына обязательно адам керек. Жұмыс істейтін едім, келіншегім де жұмыс істейтін. Қазір ешкім жұмыс істемейді семьямда», дейді қала тұрғыны Нұрлан Қазақбаев.

Полицейлер осы іске қатысты тергеу әлі жүріп жатқанын айтады. Ал, оқиға орнында марқұымдардщың дене бөлшектерін қалдырып кеткен тергеу тобының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталыпты.

«Оқиға орнында табылған марқұмдардың денелері бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Ал қазіргі таңда жедел тергеу тобына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Тағайындалған сот сраптамаларының қортындылары бойынша қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда», - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.

Осылайша жедел тергеу тобының салғырттығынан кайғыдан қан жұтқан Ержігіт Пернебек балаларын қайта жерлеуге мәжбүр болған.

«Мешіттегі имамдарға хабарласып, сол кісілерді бейіттің басына әкеліп екінші рет жерледім. Оңай тиген жоқ бізге де. Өте ауыр. Мұндай жағдайға әкелген полиция қызметкерлерінің салғырттығы. Сол кезде дер кезінде жинап алып кетпегендігі 4 күн далада жатты. Жүргізуші де өзі заң аясында жазалансын!», дейді марқұм балалардың әкесі Ержігіт Пернебек.

Іске немқұрайлы қараған тергеу тобы қызметкерлеріне қандай жаза қолданылатыны белгісіз. Ал, бір сәтте ұлы мен қызынан көз жазып қалған әке аялдамаға келіп соғылған 20 жастағы жүргізуші де, салғырттық танытқан полицейлер жазасыз қалмаса дейді. Ол бұл істі Ішкі істер министрінің өзі бақылауға алғаннын қалайды.