Балалардың құлағынан сүйреген тәрбиеші видеоға түсіп қалды

0
696

Тәрбиеші ата-аналардан кешірім сұраған.


Балалардың құлағынан сүйреген тәрбиеші видеоға түсіп қалды

Алматыдағы мектепке дейінгі бір мекемеде бүлдіршіндердің құлағынан ұстап сүйреген тәрбиешінің видеосы желіні шулатып жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан тәртіпке бағынбаған балаларды ары да, бері де сүйреген әйелді көруге болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.


Бұрышқа барғысы келмей, құлап қалған тағы бір баланы жұлқылап, әудем жерге сүйреп апарып тастаған. Ал видеодан кешірім сұрап жатқан тәрбиешінің даусы естіледі. Яғни, бар былық белгілі болған соң, ата-аналар мәселенің мән-жайын анықтауға директордың кабинетіне келсе керек.

"Апай, бір жолға кешірім беріңізші маған. Пожалуйста, апай! Әйелсіз ғой, түсініңізші мені! Келесіде қайталанбайды, маған сабақ болады бұл", - дейді тәрбиеші.

"Мән жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Балабақшаның басшысынан бастап, барлық қызметкеріне аталған факт бойынша заңға сәйкес шара қолданылады. Видеодағы дауыстардың кімге тиесілі екені әлі нақтыланады. Бірақ заң алдында бәрі бірдей. Тексеріс аяқталған соң қосымша мағлұмат береміз", - дейді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет.