Балаларға "өл" деп жазғызатын дәптерге қатысты БҒМ түсінік берді

0
642

Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген.


Балаларға

ERNUR.KZ. БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" атты жазу дәптерлері "8&8" баспасында жарық көрді, авторы С.В. Трофимова, деп жазады zakon.kz.

Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген. Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген.

ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер ғана сараптамадан өткізіледі. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық.

Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады.

Айта кету керек, мұндай басылымдар әрқашан ашық сатылымда немесе Интернетте қолжетімді. Қосымша оқулықтар, ертегілер жинақтары, дәптерлер сияқты олар арнайы бекітілмейді. Бекітілген ресми дәптерлер тізімінде мұндай басылым жоқ екеніне тағы да назарларыңызды аударамыз.