Балаларға піспеген қарбызды қабығымен жегізген ер адамның әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды

0
5 517

Қарбыз ұрлаған балалардың жазасын бермек болған.


Балаларға піспеген қарбызды қабығымен жегізген ер адамның әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде балаларға піспеген қарбызды қабығымен жегізген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кадрдағы жағдайға қарағанда, ер адам екі баланы егістік басынан, қарбыз ұрлаған жерінен ұстап алған сыңайлы. Жаза ретінде піспеген қарбыздарды қабығымен жеуге мәжбүрлеген.

"Тезірек же! Қабығымен қосып же! Сендерге қарбыз ұрлағанды көрсетемін! Піскен болса бір сәрі, піспеген қарбызды ұрлап. Сиыр ұқсап жеңдер!", - дейді кадрдағы ер адам.

Әлеуметтік желідегілер оқиғаны Түркістан облысында болған деп болжаған.

Түркістан облысының полициясы видеоның тексеріліп жатқанын хабарлады. Алайда оқиғаға байланысты ата-аналардың ешқайсысы құқық қорғау органдарына арызданбағанын мәлімдеді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!